22 желтоқсан 2016 | 11:46

Рамзан Кадыров америкалық беделді басылымды терроризмді ақтады деп айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости. Саид Царнаев © РИА Новости. Саид Царнаев

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров New York Daily News басылымын Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловтың өлтірілуін ақтап алатын мақала жазды деп сөкті. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров New York Daily News басылымын Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловтың өлтірілуін ақтап алатын мақала жазды деп сөкті. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Жоғары лауазымды ресейлік дипломатқа қарулы шабуыл дүйсенбіде Анкарадағы көрменің ашылу салтанатында жасалған болатын. Ер адам елшінің арқасынан бірнеше мәрте оқ атып, оның салдарынан Карлов қаза тапқан еді. Куәгерлердің айтуынша, қаскөй көрме өтіп жатқан жерге костюм киіп, галстук тағып, елшінің күзетшісі ретінде кірген. Полицейлер шабуылдаған адамның көзін жойды. Ал Ресейде бұл оқиғаны теракт деп атады.

"Америкалық New York Daily News газеті Андрей Карловты өлтірген адамды ақтап, кісі өлтіргенді батыр етіп көрсеткен", - деп жазды Кадыров Instagram желісіндегі парақшасында. Кадыровтың айтуынша, "осыдан кейін паскиль авторы Герш Кунтцман да, газеттің редакторы да өздерін айыпты сезінбейді... Бұл шектен шыққан бассыздық, адамның қайғысына ортақтасу деген жоқ, терроризмді ашық түрде қолдау".

Ол Ресейдің және әлемнің мұсылмандары Андрей Карловқа жасалған қастандықты сөгетінін, кісі өлтіргенді тікелей немесе астыртын қолдайтындардың исламға қатысы жоқ екенін, тіпті оның жауы екенін атап өтті. Кадыров "ресейліктердің Андрей Карловқа жасалған қастандықты қасірет деп танығанын" жеткізді.

"Елшімізге оқ атқан адам - исламның жауы. Оны мұсылмандардың тағдыры алаңдатқан жоқ, ол исламның атына кір келтірді. Ол осы терактіні өз мойнына алған ібіліс мемлекеттің қалауы мен бұйрығын орындады. Бүгінде ИМ-нің әл-Каида сияқты Батыстың арнайы қызметтерінің ісі", - деп мәлімдеді Шешенстан басшысы.

Ал осыған дейін Кунтцман РФ-ның Түркиядағы елшісі Андрей Карловтың өлтірілгені жайлы ақпараты үшін кешірім сұраудан бас тартқан болатын. Мақаласында Карловты ол Үшінші рейхтің елшісімен салыстырған еді.

Ал Ресей ІІМ ресми өкілі Мария Захарова ведомствоның америкалық  New York Daily News басылымынан кешірім сұрату туралы талап жазылған хат жолдайтынын хабарлады. Дипломаттың айтуынша, америкалық журналист Герш Кунтцман мақаласында ресейлік елшінің өліміне "көз жасын төкпейтінін" мәлімдеген. Айтуынша, Кунтцман Карловтың өлтірілуін "орнаған әділдік" деп атаған, ал мақала "лаңкестің" әрекетін ақтайды-мыс.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети