Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзіне жасалған қастандықтар туралы айтып берді, - деп хабарлайды "РИА Новости".
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзіне жасалған қастандықтар туралы айтып берді, - деп хабарлайды "РИА Новости".
Сұхбат барысында Қадыровқа қастандық жасалғаны туралы ақпараттың соңғы рет 2003-2005 жылдары тарағаны туралы және содан бері қастандық жасалды ма деген сұрақ қойылды. Оның жауабына қарағанда, қастандық бірнеше рет жасалған, бірақ Қадыров ол жөнінде айтуға ыңғайсызданыпты.
"Бірнеше ай бұрын Черноречьеде. Төрт ай бұрын. Мен нысанды әрдайым тексерем. Ол жерде құбыр бар. Құбырды миналап тастапты. Ол жерде мен күнде бақылайтын алаңқай бар еді, сол жерді миналапты", - дейді Қадыров.
Оның айтуынша, бір топ бірігіп әрекет еткен, ол банданың басында Хамзат Битюкаев тұр, солардың бірі тірі қалыпты.
"Битюкаевтың бір жігіті, өзі сондай күлкілі, қызық, әлі тым жас. Орманға кетті, оған Грозныйға бар да, Қадыровты өлтір деген тапсырма берілген. Ол мені жарып жібермекші болды. Біз олардың барлығының көзін құрттық, біреуі қалды", - дейді Қадыров.
"Мұндай жағдайлардың тағы бірнешеуін атай аламын. Дағыстаннан екі жігіт келді, тым жас жігіттер. Олар да теракт әзірлеген. Біз оларды ұстап алдық. Жігіттердің кедей отбасынан шыққандары көрініп тұрды. Мен оларға отбасыларың жайында айтыңдар дедім. Әкесі өлтірілген, ағасы жаралы, анасының көру қабілеті 75 пайызға жоғалып ауруханада жатыр. Оған операция жасату үшін 50 мың рубль жоқ. Міне саған 100 мың рубль, екіншісіне 50 мың рубль, үйлеріне апарып тастаңдар дедім", - дейді Шешенстан басшысы.
Өлтіруге тапсырыс бергендерді таба алдыңыз ба деген сұраққа ол: "Тапсырыс берушілер шайтандар. Ол Битюкаевтар, Омаровтар, тапсырыс берушілер солар", - деп жауап берді.