Реcейде Telegram бұғатталуы мүмкін

Ресейді? Ба?ылау комитеті ?кілдері соттан Telegram мессенджерін б??аттауды с?рады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ресейдің Бақылау комитеті өкілдері соттан Telegram мессенджерін бұғаттауды сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Сот үкімі қабылданған кезде бұл талап бірден қанағаттандырылады", - деді Ресейдің Бақылау комитетінің өкілі.

Айта кетейік, Ресейдің Бақылау комитеті Telegram мессенджерінің Федералды қауіпсіздік қызметінің өкілдері шифрлау кодтарын беруден бас тартқаны үшін мессенджерді бұғаттауды талап етіп сотқа арызданды. Енді компания өкілдері өздерін қорғап шығуы тиіс.

Реклама
Реклама

Сот отырысы ертең, 13 сәуірде басталады. Бүгін сот отырысы алдында дайындық өтті. Бірақ бүгін отырысқа Telegram компаниясының заңгерлері қатыспаған.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда да Telegram мессенджері бұғатталуы мүмкін екені хабарланған еді. Бірақ Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілдері Telegram мессенджерінің бұғатталуына мүдделі еместігін мәлімдеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама