Telegram мессенджерінің бұғатталуына мүдделі емеспіз - Абаев

10 Сәуір 2018, 13:55
0
Telegram мессенджерінің бұғатталуына мүдделі емеспіз - Абаев - © РИА Новости
© РИА Новости

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Telegram мессенджерінің бұғатталуына мүдделі емес. Бұл туралы ведомство басшысы Дәурен Абаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақпарат және коммуникациялар министрлігі соттың шешімін орындау үшін барлық қажетті шараны қабылдауға міндетті. Осыған байланысты Telegram әкімшілігіне хабарламалар жіберілді. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Қазақстанда Telegram сияқты танымалдылыққа ие болып жатқан мессенджердің бұғатталғанына мүдделі емеспіз", - деді министр Дәурен Абаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан билігіндегілердің Қазақстан аумағында Telegram мессенджерін бұғаттауы мүмкін екені айтылған еді. Соттағылардың мессенджер каналдарынан "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының материалдарын өшіру туралы шешімі орындалмаса елімізде Telegram мессенджері бұғатталуы мүмкін.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай