29 қараша 2021 17:43

Режиссер Владимир Наумов қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Наумов. Фото ©РИА Новости Владимир Наумов. Фото ©РИА Новости

Кеңестік және ресейлік режиссер Владимир Наумов 94 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Ресей кинематографистер одағы төрағасының орынбасары Клим Лаврентьев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Владимир Наумов 1927 жылы 6 желтоқсанда Ленинградта дүниеге келген. 1952 жылы БМКИ-дің режиссерлік факультетін бітірген.

Ол "Тегеран-43", "Бег" және "Легенда о Тиле" фильмдерін түсірді. Сонымен қатар, ол "Гори, гори, моя звезда", "Кража" және "Третий удар" фильмдерінде ойнады.

1983 жылы Наумов КСРО халық әртісі атағын алды. 1985 жылы Кеңес Одағының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. IV дәрежелі "Отанға сіңірген еңбегі үшін", II дәрежелі "Отанға сіңірген еңбегі үшін",  "Құрмет" ордендерімен марапатталған. Көптеген кинематографиялық марапаттардың, соның ішінде Венеция және Мәскеу кинофестивальдерінің иегері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети