Ресей мен Түркия әскерлері Сирияның солтүстігін бірге бақылай бастады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей мен Түркия әскерлері Сирияның солтүстігін бірге бақылай бастады Хабар 24

Ресей мен Түркия әскерлері Сирияның солтүстігін бірге бақылай бастады, - деп хабарлайды "Хабар 24".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей мен Түркия әскерлері Сирияның солтүстігін бірге бақылай бастады, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарламасында айтылды. Министрлік мәліметіне сай, орыс әскери полициясы мен Түркия шекарашылары ортақ күзет жүргізу мақсатында "Дербисия" кедендік өткелінде кездескен. Енді олар өз міндеттерін орындау үшін Түркия – Сирия шекарасымен батыс бағытта жылжиды. Күзет құрамына бірнеше әскери техника жұмылдырылған.

Атап айтқанда, Ресейдің брондалған "Тигр" және "Тайфун" мен Түркияның Кирпи көліктері бар. Айта кетейік, жуырда Түркия басшысы Режеп Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Сочидегі кездесуінде Анкара мен Мәскеу Евфрат өзенінен шығысқа қарай Сирия мен Түркия шекарасын бірге бақылау жөнінде келісімге келген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети