Ресейде адам етін жейтін отбасы табылды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде адам етін жейтін отбасы табылды - БАҚ

Ресейдің Краснодар өлкесінде каннибалдар отбасы табылды, - деп хабарлайды Mash телеграм-арнасына сілтеме жасаған L!FE

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Краснодар өлкесінде каннибалдар отбасы табылды, - деп хабарлайды Mash телеграм-арнасына сілтеме жасаған L!FE

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары айуандықпен өлтірудің жеті эпизодын дәлелдепті. 

Отбасы 1999 жылдан бері адамдарды ұрлап кетіп, сойып жеген делінеді. Өлтірілгендердің мәйіті де табылыпты. Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыпты 30 адамның өліміне қатысы бар болуы мүмкін. Басылымның мәліметінше, күдіктілер өлтірілгендердің денесінен азық ретінде қолданған.

Барлық материал Краснодар өлкесі бойынша Тергеу комитетінің Тергеу басқармасына жолданған.

Ал РИА Новости құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасай отырып, бұл оқиғаны ішінара растап отыр. 

"Әзірше бұл мәлімет расталмайды. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары адам қолы салынған консервіленген банкі табылды", - деп хабарлаған дереккөз.

Сөйтсек, бұл оқиға жайлы 11 қыркүйекте белгілі болған. Бұл кезде жұмысшылар Краснодардағы Репин көшесінің бойында ұялы телефон тауып алған. Онда 35 жастағы жергілікті тұрғынның белгісіз әйелдің қолын ұстап тұрған суреті болған. Мәйіттің бөлшектері басқа жерден табылған. Қазіргі уақытта "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу жалғасқан.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети