Ресейде аязға тастап кеткен баланы ит құтқарып қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде аязға тастап кеткен баланы ит құтқарып қалған © bigmir)net

Ресейдің Алтай өңірінде аязда қалған екі жастағы баланы ит аман алып қалған, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Алтай өңірінде аязда қалған екі жастағы баланы ит аман алып қалған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Қаңтар айында әйел өз ұлын от жағылмайтын дәлізге киімсіз және тамақсыз тастап, үйден кетіп қалған. Бала иттің бауырына тығылып жылынған көрінеді. Ол осылай суықта қанша күн жатқаны белгісіз. Баланы тауып алғанша оны ит жылындырған. 

Әбден тоңып қалған балақайды бөгде адам байқап қалған. Қазір балаға қатты суық тигендіктен медициналық жәрдем көрсетіліп жатыр. Ал анасы үйіне баланы құтқарып алғаннан кейін төрт күн өте оралған.

Әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети