Ресейде бала саны аз отбасыларға салық салу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде бала саны аз отбасыларға салық салу ұсынылды © РИА Новости

Ресейдің Демография, көші-қон және өңірлік даму институтындағылар отбасында бала саны аздарға салық төлеуді міндеттеу туралы федерал заң жобасын дайындады, - деп жазады "Известия" басылымы құжаттың мәтініне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Демография, көші-қон және өңірлік даму институтындағылар отбасында бала саны аздарға салық төлеуді міндеттеу туралы федерал заң жобасын дайындады, - деп жазады "Известия" басылымы құжаттың мәтініне сілтеме жасап.

Жоба авторларының айтуынша, заңнамаға сәйкес, отбасында тек бір бала немесе мүлде баласы жоқ отбасылардан төлемақы алынады. Салықтың нақты қанша болатыны әзірше белгісіз.

Сондай-ақ, құжатта көпбалалы отбасыларды марапаттауға арналған шаралардың қарастырылатыны айтылады. Мұндай отбасыларға ай сайын отбасындағы бала санына байланысты белгілі бір сомада қаражат беріп, сондай-ақ, оларға нақты бір қызмет түрлерін - туристік жолдамалар, консерваторияға немесе фитнес-клубтарға абонементтер беру қарастырылады. Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу ісін еңбек өтіліне қосу ұсынылып отыр.

Алайда әлеуметтік-саяси тұрақсыздықтағы тәуекелдерді бақылау зертханасының орынбасары Андрей Коротаев отбасында бала саны аз азаматтарға салық салу туралы идеяны жүзеге асыру мүмкін еместігін айтып отыр. Оның айтуынша, бұл салық түрі баласы жоқ отбасыларды заңға қарсы қойып, туу көрсеткішін көтермейді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети