Ресейде басына тоғыз рет оқ тиген жігіт тірі қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде басына тоғыз рет оқ тиген жігіт тірі қалды © Кomi-news.ru

Ресейде басына тоғыз рет оқ тиген ер адам тірі қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Калуга облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде басына тоғыз рет оқ тиген ер адам тірі қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Калуга облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Оқиға Жуковский ауданында болған. Тергеу мәліметінше, 2014 жылдың желтоқсанында 25 жастағы жігіт өзінің үйінде танысымен бірге ішімдік ішеді. Отырыс кезінде екеуінің арасында жанжал шыққаннан кейін жігіттердің бірі пневматикалық қаруын алып, жәбірленушінің басына, бетіне бірнеше рет оқ атады. Осыдан кейін жас жігіт үйді өртеп, оқиға болған жерден кетіп қалған.

Күзетшілердің жедел әрекетінің арқасында жәбірленуші тірі қалды. Дегенмен ол екі көзінен айырылып, денсаулығына ауыр зақым келді. Сот-медициналық сараптамасының нәтижесінде күдіктінің психикалық ауруға шалдыққаны анықталды. Айта кетейік, қылмыстық іс күдіктіге медициналық сипаттағы шара қолдану мақсатында Жуковский аудандық сотына жіберілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети