Ресейде ер адам әйелін өлтіру үшін банктен несие алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде ер адам әйелін өлтіру үшін банктен несие алған © Илья Питалев / РИА Новости

Ленинград облысында ер адам әйелін өлтіру үшін банктен несие алған, деп хабарлады Lenta.ru порталы "Российская газета" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ленинград облысында ер адам әйелін өлтіру үшін банктен несие алған, деп хабарлады Lenta.ru порталы "Российская газета" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, ер адам киллерге аванс төлеу үшін қаржы ұйымынан 40 мың рубль алған. Ақшаны алудағы мақсат деген жерге өзіме қажет деп толтырыпты.

"Тергеу комитеті облыстық басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 9 наурызда сот ер адамды бес жылға қамап, екі жылға бас бостандығына шектеу қойды. Ол кісі өлтіруге дайындалған деп айыпталды", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, Санкт-Петербург қаласының 22 жастағы тұрғыны әйелін 2017 жылы жазда өлтірмекші болған. Ол киллер іздеп, танысына айтқан, ол мұны полицияға хабарлапты. Ақыры киллердің ролінде полицей болып, жігіт ұсталды.

"Ер адам "киллермен" кездесіп, оған екі пышақ пен әйелінің суретін және мекенжайды берген. Қылмыстың орындалғанына көзі жету үшін әйелдің жеке заттарын талап етіпті. Ер адам аванс беруге келгенде ұсталды", - делінген жарияланымда.

Кейін ер адамның бұл қылмысқа не үшін барғысы келгені анықталды, ол әйелін жақтырмаған және кішкентай қызын өзі ғана қамқорлыққа алғысы келіпті. Басылымның мәліметінше, ерлі-зайыптының мінездері жараспай, үйлену тойынан біраз уақыт өткенде ажырасып кеткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети