Ресейде газдан уланған 19 оқушы ауруханаға түсті

@РИА

Камчаткадағы Ключи ауылында 19 оқушы газдан уланып, ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Оқиға бүгін Усть-Камчатский ауданындағы Ключи ауылының №4 мектебінде болған. Оқушылардың бірі мектепке жануарларды қорқытуға арналған газ баллонын алып келіп, оны әжетханаға сеуіп кеткен. Нәтижесінде мектептің газ себілген бөлігінде жүрген балалар уланып қалған", - деді Камчатканың вице-губернаторы Ирина Унтилова.

Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, зардап шеккендер түгелдей ауылдық ауруханаға жеткізіліпті. "Уланған оқушылардың жағдайы жақсы. Ауыр жағдайда жатқандар жоқ. Дәрігерлер оқушыларға қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Тоғыз оқушы үйлеріне қайтарылды, қалғандары кешке дейін ауруханада бақылауда болады. Балалардың бір бөлігі ертең қайта тексеруден өтеді", - деді аймақтың РФ Денсаулық сақтау министрі Татьяна Лемешко.

Реклама
Реклама

Унтилованың айтуынша, қазір мектепте арнайы құрылған комиссия тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ата-аналар жиналысы өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін АҚШ-та әкесі мен оның жеті баласы газдан уланып қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз. Болжам бойынша, оттың болмауынан сыртқа көмір қышқыл газы шыққан. Өлімнің нақты себебі сараптамадан кейін белгілі болады. Кейбір мәліметтер бойынша, жергілікті электр компаниясы үйді электр жарығынан ажыратқан, сондықтан бұл отбасының генератор сатып алуына тура келген.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама