Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

АҚШ-та әкесі мен оның жеті баласы газдан уланып қайтыс болды

07 Сәуір 2015, 14:55
0
© REUTERS
© REUTERS

АҚШ-тың Мэриленд штатының оңтүстігіндегі үйден ер адам мен оның 7 баласының денесі табылды, - деп хабарлайды WJZ News. Алдын ала мәлімет бойынша, олар газдан уланып көз жұмған. Ер адам 36 жаста, ал балалары - 6-дан 16 жасқа дейінгі аралықта болыпты.

Үйден газ генераторы табылды. Болжам бойынша, оттың болмауынан сыртқа көмір қышқыл газы шыққан. Өлімнің нақты себебі сараптамадан кейін белгілі болады. Кейбір мәліметтер бойынша, жергілікті электр компаниясы үйді электр жарығынан ажыратқан, сондықтан бұл отбасының генератор сатып алуына тура келген. Сонымен қатар, мәйіттердің әлеуметтік қызмет мамандарының жүргізген тексерістері барысында табылғаны белгілі болды. Ер адам екі күн бойы жұмысқа бармаған. Айта кетейік, Мэрилендте жыл сайын 430-ға жуық өлім газдан уланудан болады. Ең соңғы рет мұндай оқиға 2006 жылы курорттық қала Оушен ситидегі мейманханада болды. Ол кезде газдың шығуынан әкесі мен қызы қаза тапты. Сонымен қатар, тағы екі зардап жегуші ауруханаға жатқызылды.

Айта кетейік, 2014 жылы қарашада осыған ұқсас оқиға Қазақстанда болды. Ол кезде Батыс Қазақстан облысы Березовка ауылында газдан уланған балалар мен ересектер ауруханаға жеткізілді. Ауруханаға 25 оқушы мен 4 ересек адам жатқызылды. Оқиғаға мектеп орналасқан ылди жерде газдың жиналуы себеп болғаны айтылды, соның салдарынан балалар мен ересектер ауруханаға түсті. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай