Ресейде қазақстандық автобус пойызбен соқтығысты: 17 адам қаза тапты

© РИА Новости

Ресейді? Владимир облысында Покров станциясыны? теміржол ?ткелінде пойыз бен жолаушылар автобусы со?ты?ысып, салдарынан 17 адам ?аза тап?ан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ??ірлік ІІМБ ?кілдеріне сілтеме жасап. БА?-ты? м?ліметінше, автобус ?аза?станнан бар?ан.

Ресейдің Владимир облысында Покров станциясының теміржол өткелінде пойыз бен жолаушылар автобусы соқтығысып, салдарынан 17 адам қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІМБ өкілдеріне сілтеме жасап. БАҚ-тың мәліметінше, автобус Қазақстаннан барған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, бүгін, 6 қазанда сағат 03:29-да Владимир облысында "Покров" теміржол станциясында жолаушылар автобусы теміржол бағдаршамының рұқсат етілмеген белгісіне жүріп кетіп, салдарынан пойызбен соқтығысқан. Автобус салонында болған оннан аса адам қаза тапқан", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатқаны айтылады. Оқиғаның мән-жайы мен қаза тапқандардың аты-жөндері анықталып жатыр.

Реклама
Реклама

Ал Mash паблигінің мәліметінше, автобуста Қазақстан азаматтары болған делінеді. ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов өз кезегінде ведомствоның оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама