Ресейде ұсталған Аброр Азимов Санкт-Петербург метросында теракт ұйымдастырғанын мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде ұсталған Аброр Азимов Санкт-Петербург метросында теракт ұйымдастырғанын мойындады Аброр Азимов

Мәскеу маңындағы Одинцов ауданында Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі ұстаған Аброр Азимов Санкт-Петербург метросында теракт ұйымдастырғанын мойындады. Бұл туралы сот залынан шыққан оның адвокаты мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Ол өз кінәсін мойындады", - деді адвокат. Алайда ол істің егжей-тегжейіне тоқталған жоқ. Жақын арада Азимовтың қамауға алынуы туралы сот отырысы өтеді. 

ФҚҚ мәліметінше, ұсталған Азимов терактіні ұйымдастырушы Қырғызстан тумасы Акбаржон Джалиловты дайындаған. Жедел түсірілімнен Азимовтың теміржол бойында ұсталғаны көрінеді.  

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 3 сәуірінде Санкт-Петербург метросының екі бекетінде жарылыс болған еді - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта метро бекеттеріне кіру және шығу жолдары жабылған.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети