Ресейді 15 жылдық дағдарыс күтіп тұр - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейді 15 жылдық дағдарыс күтіп тұр - сарапшы © RussInfo.net

“Открытие” брокерлік үйі бас директорының макроэкономика жөніндегі кеңесшісі Сергей Хестанов ресейліктерді 10-15 жылға созылатын экономикалық құлдырауға дайын болуға шақырды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Открытие” брокерлік үйі бас директорының макроэкономика жөніндегі кеңесшісі Сергей Хестанов ресейліктерді 10-15 жылға созылатын экономикалық құлдырауға дайын болуға шақырды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

“Экономика құрылымының тым баяу ауысуын есепке алсақ, мұндай жағдай шынымен де болуы мүмкін. Қарапайым азаматтар үшін бұл бағалардың өсуін, айлықтардың төмен деңгейде қалуын және айтарлықтай жұмыссыздықты білдіреді. Бұл біршама қиын кезең", - деп бөлісті ол өз ойын басылымға берген сұхбатында.

Сарапшы елдің Қаржы министрлігі мен Орталық банкі инфляцияны 6-8 пайыз деңгейінде ұстап қала алатынын, дегенмен, бұл да аз мөлшер еместігін айтады. Өйткені бағаның өсуі жинақтық сипатында болмайды, яғни, жылына алты пайыз төрт жылда 24 пайыз емес, одан әлдеқайда жоғары болады екен.

Ресейдің ауыл шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 20 қазандағы елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалының бақылауы 2016 жылдың үшінші тоқсанында ресейліктердің табысы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6,1 пайызға төмендегенін көрсетті. Мұндай жағдай 1999 жылдан бері тіркелмеген екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети