Ресейлік әйел сүйіктісін өлтіріп, оның атынан анасына 20 жыл бойы хат жазып келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік әйел сүйіктісін өлтіріп, оның атынан анасына 20 жыл бойы хат жазып келген Ашық дереккөздерден алынған сурет

Ресейлік әйел танысының өлімін 20 жыл бойы жасырып келген. Ол осы уақыт бойы қаза тапқан ер адамның атынан оның анасына хат жазып жүрген, - деп хабарлайды ТАЙГА.info.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік әйел танысының өлімін 20 жыл бойы жасырып келген. Ол осы уақыт бойы қаза тапқан ер адамның атынан оның анасына хат жазып жүрген, - деп хабарлайды ТАЙГА.info.

1996 жылдың қазан айында Забайкальск өлкесінің тұрғыны көршісімен жанжалдасып, оны басынан балғамен бірнеше рет ұрған. Салдарынан көршісі алған жарақаттарынан көз жұмған. Содан әйел оның денесін үйдің маңына көміп тастап, ешқандай күдік келтірмеу үшін қаза тапқан ер адамның атынан анасына хат жаза бастаған. Ол өз атынан ер адамның жағдайының жақсы екенін жазып отырған.

Осылайша қылмыскер тек 2016 жылы әшкереленген. Ол қасақана кісі өлтіргені үшін айыпты деп танылды. Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, қылмыстың жасалғанына 15 жыл өткендіктен іс осымен жабылған.

Соттың қорытындысы бойынша, қылмыскер қаза тапқан жігіттің анасына хат жібере отырып, оған болашақта ұлын күтуге негізсіз үміт берген. Сондықтан сот марқұмның анасының азаматтық талабын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Сот хат жазып келген қыздан моральдық шығын ретінде 1 миллион рубль өндіріп алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети