Ресейлік атақты продюсердің өтірігі бағдарлама барысында әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік атақты продюсердің өтірігі бағдарлама барысында әшкере болды Бари Алибасов. © РИА Новости

Ресейлік музыкант, продюсер Бари Алибасовтың продюсерінің көмекшісі дәрігермен музыкантты ауруханаға жатқызу туралы алдын ала келісіп алған. Олардың хат алмасу үзіндісі "Бірінші арнадағы" "На самом деле" бағдарламасының эфирінде көрсетілді, - деп хабарлайды Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік музыкант, продюсер Бари Алибасовтың продюсерінің көмекшісі дәрігермен музыкантты ауруханаға жатқызу туралы алдын ала келісіп алған. Олардың хат алмасу үзіндісі "Бірінші арнадағы" "На самом деле" бағдарламасының эфирінде көрсетілді, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Эфирде көрсетілген хабарламаларға қарағанда, Алибасов уланғанға дейін бір ай бұрын оның көмекшісі дәрігермен сөйлескен. Ол музыкантты емдеуге жатқызудың алдын ала себептерін талқылаған. "Емдеуге жатқызу себебін ішімдіктен емес, асқазан немесе бауырға қатысты сылтау ойлап табу керек шығар? Кеңсе мен мысықты өзім реттеймін", - деп жазған көмекші. Дәрігер онымен келіседі.


"Бірінші арна" скриншоты

Скриншоттар жариялағаннан кейін Алибасов студиядан шығып кетті. Оның алдында ол қайда уланғанын және қандай ауруханада жатқанын есіне алмайтынын мәлімдеген.

Бағдарлама барысында продюсер жалған сөз детекторында тексеруден өткен. Ол әртістің "Крот" деп аталатын құбырларды тазалауға арналған сұйықтықты қасақана ішкенін көрсетті. Полиграфологтың айтуынша, Алибасов сұйықтықты өңешке түспейтіндей ішіп, содан кейін түкіріп тастаған. 


"Бірінші арна" скриншоты

Маусым айының соңында Алибасов оны улануды әдейі жасады деп айыптаған БАҚ-ты ақша табу мақсатында жасайды деп мәлімдеген. Сондай-ақ ол дәрігердің жазып берген қағазын да көрсете алатынын мәлімдеген.

Еске салайық, биыл 4 маусымда Бари Алибасов ауруханаға жатқызылғаны жайлы хабарланған. Ол қателесіп, шырынмен шатастырып, құбырды тазалау құралын ішкен делінді. Дәрігерлер асқазан күйігінің ең жоғары деңгейін анықтағанын хабарлады. Ал 17 маусымда продюсер ауруханадан шығарылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети