Ресейлік БАҚ-тар наразылық акциялары жайлы жақ ашпады деп айыпталды

Жексенбіде, 26 наурызда М?скеуде ж?не Санкт-Петербургте, сонымен ?атар, Ресейді? та?ы бас?а ?алаларында Алексей Навальныйды? жа?тастары сыбайлас жем?орлы??а ?арсы жаппай акция ?ткізді. Мы?да?ан адам к?шеге шы?ты. ?а?ты?ыстар болып, полиция оларды ?стап ?кетті. Алайда ресейлік БА?-тар м?ны? барлы?ын елемей ?тті, - деп жазады "Медиазона"

Жексенбіде, 26 наурызда Мәскеуде және Санкт-Петербургте, сонымен қатар, Ресейдің тағы басқа қалаларында Алексей Навальныйдың жақтастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай акция өткізді. Мыңдаған адам көшеге шықты. Қақтығыстар болып, полиция оларды ұстап әкетті. Алайда ресейлік БАҚ-тар мұның барлығын елемей өтті, - деп жазады "Медиазона"

Портал елдің ең басты медиаларының жексенбіде жазған мақалаларының тақырыптарын жинапты. Барлық скриншот Мәскеу уақытымен 19.20-да (Астана уақыты бойынша 22.30-да) жасалған.

Мәселен, "Россия 24" телеарнасы Донбасстағы оқиғаларды және Шешенстандағы Ұлттық гвардия сарбаздарына жасалған шабуылды жазған. 

Реклама
Реклама

"Российская газета" Башқұртстанда пойыздардың соқтығысуы жайлы хабар таратқан. 

НТВ сайты Андрей Колесниковтың сұхбаты мен "Евровидение" туралы сюжетті ұсынған. 

Митингтер жайлы "Звезда" телеарнасы, "Царьград" телеарнасының сайты, "Известия" сайты, "Москва 24" сайты, Life.ru, РЕН-ТВ және басқа медиа хабар таратпады. RT арнасының сайты 18.28-да 500 адамның ұсталғанын хабарлады, ал 19.07-да зардап шеккен полицей жайлы хабарлады. 

Lenta.ru бас парақшасында Мәскеудені митингтер жайлы үш бірдей жаңалық шыққан: полицияның мінсіз жұмысы, наразылық білдіргендердің бірінен газ тапаншасы табылғаны және ІІМ акцияға қатысушылардың нақты қанша болғаны жайлы (бұл нақты сан көрсетілмепті де).

Ал осы уақытта Twitter қолданушылары қалалардағы митингтердің суреттерін жариялап жатты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама