24 наурыз 2017 13:51

Шешенстандағы әскери бөлімшеге шабуыл жасалды: Алты сарбаз мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© FTimes.ru © FTimes.ru

Шешенстандағы әскери бөлімшеге шабуыл кезінде РФ Ресей гвардиясының алты жауынгері мерт болды, - деп хабарлайды РИА Новости ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Шешенстандағы әскери бөлімшеге шабуыл кезінде РФ Ресей гвардиясының алты жауынгері мерт болды, - деп хабарлайды РИА Новости ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мұның алдында Шешенстанның Наурская станица ауданында "алты лаңкестің" әскери бөлімшеге шабуыл жасағаны хабарланған. 

"Әскери қалашық аумағына кірмек болған кезде топты әскери жасақ байқап қалып, қақытығысқа түседі. Алты шабуылдаушының да көзі жойылды. Атыс кезінде алты сарбаз қаза болды және жарақаттанғандар бар. Қазіргі кезде қақтығыс болған жер қоршауға алынды", - делінген хабарламада. 

Лаңкестер қалың тұман түскен уақытта әрекетенгені айтылады. 

Болған жайттың анық-қанығын білуге Ресей Федерациясы Ресей гвардиясы әскерінің орталық аппаратынан жедел топтың Шешенстанға аттанғаны хабарланып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети