Ресейлік тағы бір ұшақ апатқа ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік тағы бір ұшақ апатқа ұшырады © Topwar.ru

Оңтүстік Суданда 25 адамы бар ресейлік жүк ұшағы құлады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Суданда 25 адамы бар ресейлік жүк ұшағы құлады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметі бойынша, Оңтүстік Судан президентінің әкімшілігі ақпаратты растады. Бортта 25 адам болған. Екі адамның тірі қалғаны анықталды: бір ересек, бір бала. Әкімшілік өкілі Атени Век қаза тапқандардың нақты санының анықталып жатқанын айтты.

South Sudan Tribune басылымы ұшақта экипаждың бес мүшесі және жеті жолаушының болғанын хабарлады. Жергілікті басылымның мәліметінше, апат Оңтүстік Суданның астанасы Джуба қаласының әуежайынан ұшқаннан кейін болған. Ұшақ Палоч (Paloch) қаласына бет алған екен.

Оқиғаның куәгерлерінің айтуынша, ұшақтың қанаты мен басқа да бөлшектері Ақ Ніл өзенінің жағасына құлады. Олар апат болған жерде 40 шақты дененің жатқанын айтты. Полициядағы дереккөз 41 адамның қаз тапқанын хабарлады.

РФ транспорт министрінің кеңесшісі ұшақтың Росавиацияда тіркелмегенін, ал экипажда жалдамалы жұмысшылардың болғанын мәлімдеді. "Антонов" авиакәсіпорны Ан-12 жүк ұшағының құлауы туралы ақпаратты тексеріп жатыр.

Судан қорғаныс министрлігі ұшақтың апатқа ұшырауы туралы ақпаратты әзірше растамаған. "Біз қорғаныс министрлігімен, Оңтүстік Судан Сыртқы істер министрлігімен, Транспорт министрлігімне байланыстық. Олар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Нақты ақпарат белгілі болған кезде бізге хабар береді", - деді Ресейдің Оңтүстік Судандағы елшілігінің өкілі Радмир Гайнанов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети