Ресей 20 чех дипломатын елден шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей 20 чех дипломатын елден шығарды Фото ©Shutterstock

20 чех дипломаты Ресейден кетуге міндеттелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 чех дипломаты Ресейден кетуге міндеттелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап. Бұл туралы Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Ресей СІМ мәлімдемесінде Ресей Федерациясындағы елшіліктің 20 қызметкері нон грата деп жарияланғаны жазылған. Сондай-ақ, елшіге "Чехия билігі Ресейдің Прагадағы дипломатиялық миссиясының қызметкерлеріне қарсы әрекетіне байланысты" наразылық білдірілді.

"Чех тарапына Мәскеуде орналасқан дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлерінің санын жергілікті деңгейде қабылданғандар санатына Ресейдің Чехиядағы елшілігінің осы санаттағы қызметкерлер санымен паритетке теңестіруіді талап етті", - дейді Ресей СІМ баспасөз қызметіндегілер.

17 сәуірде Прага Ресейдің арнайы қызметтерінің 2014 жылдың қазанында Врбетице ауылындағы оқ-дәрілер қоймасындағы жарылысқа қатысы бар деген мәліметтерге байланысты Ресейдің Чехиядағы елшілігінің 18 қызметкерін елден шығарғанын хабарлады. Ресей СІМ өкілі Мария Захарова Чехияның Ресейге қарсы тағылған айыптары мен ресейлік дипломаттарды қуып шығаруы Минскідегі төңкеріс туралы жаңалықтарды "жабуы" керек болған деді.

Өз кезегінде Чехия полицейлері бірнеше төлқұжаты бар Ресейдің екі азаматын, соның ішінде Александр Петров пен Руслан Бошировтың атына жазылған ресейлік құжаттарды іздейтінін айтты. Полиция мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы ұлттық орталықтың мәліметінше, бұл адамдар Чехияда 2014 жылдың 11 мен 16 қазан аралығында болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети