04 наурыз 2022 | 11:49

Ресей АҚШ-қа зымыран қозғалтқыштарын жеткізуді тоқтатты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: roscosmos.ru Фото: roscosmos.ru

Ресей Украинадағы жағдайға байланысты елге салынған санкцияларға жауап ретінде АҚШ-қа зымыран қозғалтқыштарын жеткізуді тоқтату туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ресей Украинадағы жағдайға байланысты елге салынған санкцияларға жауап ретінде АҚШ-қа зымыран қозғалтқыштарын жеткізуді тоқтату туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

"Роскосмос" мемлекеттік ғарыш агенттігінің басшысы Дмитрий Рогозин мемлекеттік корпорация АҚШ-қа зымыран қозғалтқыштарын жеткізуді тоқтататынын айтты.

"Осындай жағдайда біз Америка Құрама Штаттарын әлемдегі ең жақсы зымыран қозғалтқыштарымен қамтамасыз етуді жалғастыра алмаймыз. Өздері басқа нәрсемен, сыпырғышпен ұша ма білмеймін. Бірақ біз жұмысты тоқтатамыз", - деді Рогозин.

Рогозиннің айтуынша, Ресей 1990 жылдардан бері Америка Құрама Штаттарына барлығы 122 RD-180 қозғалтқышын жеткізген, оның 98-і Atlas зымыран тасығыштарын қуаттандыру үшін пайдаланылған.

Сондай-ақ, "Роскосмос" бұрын АҚШ-қа жеткізген зымыран қозғалтқыштарына қызмет көрсетуді тоқтатады, деді Рогозин. АҚШ-та әлі де 24 қозғалтқыш бар, оларға қазір ресейлік техникалық көмек көрсетілмейді.

Бұған қоса, Ресей Батыстың Украинаға қатысты санкцияларына жауап ретінде Француз Гвианасындағы Куру ғарыш айлағынан ұшу бойынша Еуропамен ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети