inotv.rt.com иллюстрациясы
АҚШ президенті Барак Обама Ресей экономикасының нақты салалары бойынша санкция салуға рұқсат беретін жарлыққа қол қойды. Аталған құжатқа сәйкес, визалық және экономикалық санкцияларға ұшыраған ресейлік шенеуніктердің тізімі де ұзартылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. АҚШ-тың кеңетілген тізіміне "Ресей темір жолдары" компаниясының президенті Владимир Якунин енді. Сондай-ақ оның ішінде Геннадий Тимченко, Аркадий мен Борис Ротенбергтер бар. Американың қаржы министрлігі жариялаған құжатқа сәйкес, санкциялар "Ресей" банкі мен оның деректорлар кеңесінің төрағасы Юрия Ковальчукқа қарсы да қолданылады. Банктің долларлық есеп-шоттарына тұсау салынуы мүмкін. Ресей болса, америкалық саясаткерлерге қатысты өз санкцияларын енгізді. Олардың қатарында сенаторлар - Джон Маккейн, Дэниел Коутс, Мэри Лэндрю, Гарри Рид мен Роберт Менендес, өкілдер палатасының спикері Джон Бейнер, президенттің ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшілері орынбасары Кэролайн Аткинсон, Дэниел Пфайффер мен Бенджамин Родc сияқты Б.Обаманың басқа да көмекшілері бар.
АҚШ президенті Барак Обама Ресей экономикасының нақты салалары бойынша санкция салуға рұқсат беретін жарлыққа қол қойды. Аталған құжатқа сәйкес, визалық және экономикалық санкцияларға ұшыраған ресейлік шенеуніктердің тізімі де ұзартылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
АҚШ-тың кеңетілген тізіміне "Ресей темір жолдары" компаниясының президенті Владимир Якунин енді. Сондай-ақ оның ішінде Геннадий Тимченко, Аркадий мен Борис Ротенбергтер бар. Американың қаржы министрлігі жариялаған құжатқа сәйкес, санкциялар "Ресей" банкі мен оның деректорлар кеңесінің төрағасы Юрия Ковальчукқа қарсы да қолданылады. Банктің долларлық есеп-шоттарына тұсау салынуы мүмкін.
Ресей болса, америкалық саясаткерлерге қатысты өз санкцияларын енгізді. Олардың қатарында сенаторлар - Джон Маккейн, Дэниел Коутс, Мэри Лэндрю, Гарри Рид мен Роберт Менендес, өкілдер палатасының спикері Джон Бейнер, президенттің ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшілері орынбасары Кэролайн Аткинсон, Дэниел Пфайффер мен Бенджамин Родc сияқты Б.Обаманың басқа да көмекшілері бар.