21 ақпан 2022 09:10

Ресей әскері Украинаға басып кіруге бұйрық алды - CBS

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Америкалық CBS телеарнасы америкалық шенеунікке сілтеме жасап, Ресей әскери қолбасшылығы Украинаға шабуылды бастау туралы бұйрық алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Америкалық CBS телеарнасы америкалық шенеунікке сілтеме жасап, Ресей әскери қолбасшылығы Украинаға шабуылды бастау туралы бұйрық алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізде ресейлік қолбасшыларға Украинаға басып кіруге бұйрық берілгені туралы барлау мәліметі бар", - деді телеарна тілшісі Дэвид Мартин эфирде.

Оның айтуынша, командирлерге ұрыс даласындағы өз секторында нақты әрекет ету жоспарын әзірлеу тапсырылған.

Сонымен қатар, телеарна мәліметінше, бұл бұйрық шабуыл болатыны сөзсіз екенін білдірмейді, өйткені Ресей президенті Владимир Путин әлі де бұйрықты өзгерте алады.

Бұл ретте Ресей қорғаныс министрлігіне жақын дереккөз РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында, CBS телеарнасының ақпаратын ақымақтық деп атады.

"Осы "сенсация" авторлары өз қиялымен президент Джо Байденді келеңсіз жағдайға түсірді. Байден өткен аптаның басында Ресей әскерлері 16 ақпанда, сәрсенбіде Украинаға басып кіруі керек, барлау дәл растады деп мәлімдеді. Енді "америкалық барлау" 16 ақпаннан кейін бір апта өткен соң Ресей командирлері "өз іс-әрекетін жоспарлаумен" айналысқанын анықтады", - деді ақпарат көзі.

"Мүмкін Пентагонда жедел жоспарлау осылай ұйымдастырылған шығар. Алдымен командирлер әскерін ұрысқа жібереді. Бірнеше күннен кейін "өз әрекеттерін жоспарлауға кіріседі". Америкалық әскердің Ауғанстаннан асығыс кету мысалы, солай деп ойлауға толық негіз береді", - деп толықтырды агенттік дереккөзі.

Оның айтуынша, Ресей қарулы күштерінде бәрі мүлде басқаша ұйымдастырылған. "Сондықтан, америкалық БАҚ-тың бұл ақымақтығы ащы мысқылдан басқа ештеңе туғызбайды", - деп түйіндеді дереккөз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети