Ресей астанасын Сібірге көшіру ұсынылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей астанасын Сібірге көшіру ұсынылды Фото ©РИА Новости

Ресейлік миллиардер, "Вольное дело" қорының негізін қалаушы Олег Дерипаска Ресей астанасын Мәскеуден Сібірге көшіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік миллиардер, "Вольное дело" қорының негізін қалаушы Олег Дерипаска Ресей астанасын Мәскеуден Сібірге көшіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Красноярск экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Дерипаска Ресейдегі "басқару жүйесін өзгерту" қажет екенін айтты.

"Мен әрдайым айттым: бұл утопия сияқты, біздегі барлық қызығушылық Азияда болса, неге астанамыз Мәскеу? Егер ел астанасы Новосібір, Краснояр қаласы болса басқаша көрінуі мүмкін бе? Басқарудың бір бөлігін осында көшірейік. Жаңа банктер, жаңа қаржы институттарын ашайық. Мәскеуге қарапайым нәрселер үшін ұшудың мәні неде?"- деді бизнесмен.

Миллиардердің айтуынша, ол өзі үшін көптеген қорытындылар жасаған және онымен бөлісуге дайын.

"Бірақ мен бірінші кезекте бейбітшілік орнағанын қалаймын", - деп түйіндеді Дерипаска.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети