Ресей елшісін атқан адам полицей болған - Түркия билігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей елшісін атқан адам полицей болған - Түркия билігі

Анкара мэрі Мелик Гекчек Ресейдің Түркиядағы елшісі Андей Карловты атып өлтірген адамның полицей болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды BBC News. Осыған дейін түрік БАҚ-тары атқыштың көрмеге полицей куәлігімен кіріп кеткен болуы мүмкін екенін хабарлаған еді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анкара мэрі Мелик Гекчек Ресейдің Түркиядағы елшісі Андей Карловты атып өлтірген адамның полицей болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды BBC News. Осыған дейін түрік БАҚ-тары атқыштың көрмеге полицей куәлігімен кіріп кеткен болуы мүмкін екенін хабарлаған еді.

"Шабуылдаған адам - полицей", - деп жазды мэр Twitter желісіндегі ресми аккаунтында. Сондай-ақ, ол Түркия билігі Фетхуллах Гүлленнің жақтастары деп есептейтін FETO мүшесі болуы мүмкін деген болжам айтты. Қала басшысының айтынша, "жиіркеншінті" шабуыл Ресей мен Түркияның арасындағы қарым-қатынасты бұзу үшін жасалған. Шабуыл Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоғлы Ресей мен Иранның СІМ министрлерімен Мәскеуде Сириядағы жағдайды талқылауының қарсаңында жасалған. 

РИА Новости мәліметінше, атқыштың полицей болғанын Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу да растаған. Оның айтуынша, шабуылдаған - Мевлют Мерт Алтынташ, 1994 жылғы, Манис елді мекенінің тумасы. Ол полиция академиясының түлегі және 2,5 жыл күш құрылымдарында қызмет еткен. Өз кезегінде BBC шабуылдаған адамның қара түсті костюм киіп, күзетшіге ұқсағанын жазды. Басылымның мәліметінше, видеоның кадрларында кем дегенде сегіз рет оқ атқан және "(...) Алеппоны ұмытпаңыздар! Сирияны ұмытпаңыздар!" деп айғайлаған.

Сонымен қатар, РИА Новости жергілікті телеарнаға сілтеме жасай отырып, түрік полициясының елшіні атып өлтірген адамның анасы мен қарындасын ұстағанын хабарлады.

Еске салайық, Ресейдің Түркиядағы елшісіне тікелей эфирде қастандық жасалған болатын. Ресейдің Түркиядағы елшісіне шабуыл Түркия астанасындағы заманауи өнер орталығындағы көрменің ашылу салтанатында жасалды. Куәгерлердің айтуынша, мекемеге қарулы адам кіріп келіп, дипломаттың артынан оқ атқан. 62 жастағы дипломатқа мінберде сөз сөз сөйлеп тұрғанда жасалған. Полицейлер оған шабуыл жасаған адамның көзін жойды. Бұл оқиғаны түрік телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатқан. Кейін ҚР СІМ Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа жасалған қастандық туралы пікір білдірді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети