Желіде Анкарада ресейлік Андрей Карловтың өлімінен бір минут бұрын түсірілген жаңа видеосы пайда болды. Видеода шабуылдаушының дипломатқа шабуыл жасауға дайындалып тұрғанын көруге болады.
Желіде Анкарада ресейлік Андрей Карловтың өлімінен бір минут бұрын түсірілген жаңа видеосы пайда болды. Видеода шабуылдаушының дипломатқа шабуыл жасауға дайындалып тұрғанын көруге болады.
Another video from Ankara's Russian Ambassador's assassination showing the assassin in the background till the attack moment pic.twitter.com/IpKDB73BrH
— Ali Hashem علي هاشم (@alihashem_tv) 20 декабря 2016 г.
Ресейдің Түркиядағы елшісіне шабуыл Түркия астанасындағы заманауи өнер орталығындағы көрменің ашылу салтанатында жасалды. Куәгерлердің айтуынша, мекемеге қарулы адам кіріп келіп, дипломаттың артынан оқ атқан. Қастандық 62 жастағы дипломатқа мінберде сөз сөз сөйлеп тұрғанда жасалған. Полицейлер оған шабуыл жасаған адамның көзін жойды. Бұл шараны түрік телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатқан.
Ресей СІМ өкілдері Түркиядағы елшінің қастандықтан қаза болғанын растады. "Бүгін Ресей Федерациясының тарихында қасіретті күн. Анкарада бүгін қоғамдық іс-шарада Ресей Федерациясының елшісі Андрей Карловқа қастандық жасалып, ол қаза тапты", - деп хабарлады Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова.
Ол Андрей Карлов қаза тапқан Анкарада болған оқиғаны террористік акт деп атады. "Оқиғаны террористік акт деп танимыз. Түрік ресми өкілдерімен байланыстамыз, олардан жан-жақты тергеу жүргізілетіні жайлы хабар алдық", - деді СІМ өкілі.
Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловты өлтірген түрік полицейі Мевлют Мерт Алтынташ осыған дейін Анкарадағы Ресей Федерациясының елшілігін күзеткен. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Мевлют Мерт Алтынташ Ресей елшілігінің күзетінде жүрген.