26 наурыз 2017 | 14:01

Ресей гвардиясына жасалған шабуылдан қаза тапқан әскерилердің екеуі Қазақстан тумасы болған - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шешенстанда Ресей гвардиясына жасалған шабуылдан қаза тапқан әскерилердің екеуі Қазақстан тумасы болған, - деп хабарлайды Комсомольская правда Северный Кавказ басылымы.


Иконка комментария блок соц сети

Шешенстанда Ресей гвардиясына жасалған шабуылдан қаза тапқан әскерилердің екеуі Қазақстан тумасы болған, - деп хабарлайды Комсомольская правда Северный Кавказ басылымы.

Басылымның мәліметінше, шабуылдан алты әскери қызметкер қаза тапқан. Сондай-ақ, қаза тапқандардың ішінде:

- Ақтөбе облысының 36 жастағы аға сержанты Анатолий Ермолаев бар. Ол бөлімшедегі радиотараптың басшысы қызметін атқарған;

- Қарағанды облысының 27 жастағы кіші сержанты Дмитрий Гурат. Ол әскери жүргізуші болып жұмыс істеген;

- 32 жастағы күзет взводының дәлдеушісі, кіші сержант Ильдус Кучукбаев;

- Эльбрусс ауданының аға сержанты Амин Алиев, күзет взводының командирі қызметін атқарған.

- 27 жастағы қатардағы сарбаз Арсен Рамазанов (Дағыстанның Корш Рутульск аумағы). Ол радиотелефонист қызметін атқарған.

- Солтүстік Осетияның Кизляр Моздокск ауданынан келген пулеметші 25 жастағы Зауырбек Акбиев. Ол қаза тапқандардың ішіндегі ең жасы болған.

БАҚ мәліметінше, Ресей гвардиясының басшылығы қаза тапқан әскерилерді марапаттау мәселесін қарастырып жатыр.

Еске сала кетейік, 24 наурызға қараған түні Ресей гвардиясының әскери бөлімшесіне шабуыл жасалған болатын. Барлық лаңкестің көзі жойылды. Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров шабуыл жасаған бес лаңкестің анықталғанын хабарлады. Олардың екеуі Ростов облысының тумасы болса, тағы біреуі - Волград облысынан, ал екеуі Шешенстан тумасы екені анықталды. Лаңкестердің жасы шамамен 22-27 жас аралығында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети