24 маусым 2023 | 08:57

Ресей қарулы көтеріліс туралы мәлімдеді - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

РИА Новости РИА Новости

Ресей қарулы көтеріліс туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ресейлік БАҚ-тарға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ресей қарулы көтеріліс туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ресейлік БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Федералды қауіпсіздік қызметі "Вагнер" жеке әскери компания басшысы Евгений Пригожиннің мәлімдемесінен кейін қарулы көтеріліс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Пригожиннің сөзінше, "РФ қорғаныс министрлігі "Вагнер" ЖӘК лагерьлеріне соққы жасаған". Бұл туралы Mash Telegram-арнасы жазды.

ВВС ресейлік қызметі Вагнер мен Ресейдің қорғаныс министрлігі арасындағы қақтығыс жетер жеріне жеткен. "Вагнерліктерге" жасалған зымыран соққысынан кейін Пригожин "әділдік маршын" бастауды шешіпті-мыс, көбісі бұл әскери төңкеріс жасау әрекеті деп бағалаған.

Ал Ресейдің ресми билігі зымыран соққысы туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын және ол арандату екенін мәлім етті. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Сонымен қатар, ФҚК "түзетілмейтін қателіктер жібермеуге, Ресей халқына қарсы кез келген әрекетті тоқтатуға, Пригожиннің қылмыстық және сатқындық бұйрықтарын орындамауға, оны ұстауға шаралар қабылдауға" шақырды.

Baza Телеграм-арнасы Ресейдің әуе-ғарыш күштерінің Бас қолбасшысы, Ресей әскерлерінің біріккен тобының бұрынғы қолбасшысы генерал Сергей Суровикиннің "Вагнер" ЖӘК-ға үндеуін жариялады.

"Мен тоқтауға шақырамын, жау тек ішкі саяси жағдайдың шиеленісуін күтеді. Сіз ел үшін қиын уақытта қарсыластың қолында ойнай алмайсыз. Біз бір қанмыз, біз жауынгерміз, жау елдегі ішкі саяси жағдайдың шиеленісуін күтіп отыр", - деді Суровикин.

Сонымен қатар, БАҚ мәліметінше, "ВКонтакте" мен Яндекс Евгений Пригожиннің жазбаларын өшіре бастаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети