18 шілде 2022 15:46

Ресей кеден академиясының проректоры тергеу изоляторынан өлі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © РИА Новости Фото: © РИА Новости

Ресей Кеден академиясының проректоры Залим Керефов өлі табылды. Ер адам Ногинскідегі (Мәскеу облысы) тергеу изоляторында қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 5-tv.ru сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, ер адам бір адамдық камера еденінен өлі табылған. Тергеу изоляторы қызметкерлері қасқаша жазба тапқаны айтылды, онда Керефов жасаған қылмысына өкінетіні жазылған.

Академияның проректоры 37 жаста болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне қол салған.

Залим Керефов 5 шілдеде есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталған. Тергеу барысында проректор заңсыз интернет-дүкендерді жұмыс компьютерінен басқарғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети