18 наурыз 2014 09:56

Ресей Қырым Республикасының тәуелсіздігін мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей Президенті Владимир Путин. ©РИА Новости Ресей Президенті Владимир Путин. ©РИА Новости

Ресей Президенті Владимир Путин "Қырым Республикасының тәуелсіздлігін мойындау туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "2014 жылы наурыздың 16-ы күні қырымдықтардың қатысуымен Қырым республикасының тәуелсіздігі мен мәртебесін айқындау мақсатында өткізген жалпыхалықтық референдумның өтуіне байланысты Севастополь қаласы тәуелсіз ел ретінде жарияланған мемлекетте айрықша мәртебеге ие. Бұл Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді", - делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте. Путин наурыздың 18-і күні Кремльде Мемлекеттік Дума депутаттары, Федерация Кеңесінің мүшелері, Ресейдегі аймақ басшылары мен азаматтық қоғам өкілдері алдына шығып, Қырым Республикасы мен Севастопол қаласының Ресей Федерациясы құрамына кіргендігін ресми түрде жариялайтын болады. Мемлекеттік Думаның Ресей Конституциялық сотындағы өкілі Дмитрий Вяткиннің РИА Новости агенттігіне хабарлағанындай, Қырымның тәуелсіздігі мойындалғаннан кейін ол елдің Ресей құрамына кіргендігі шет елдерге жариялануы шарт. Бұдан кейін халықаралық келісімге қол қойылып, жаңа субъектінің Ресей Федерациясы құрамына кіргені туралы жаңа заң мақұлданатынын болады. Ақпанның 22-сі күні Украинада билік ауысқан болатын. Ол кезде Жоғарғы Рада президент Виктор Януковичті қызметінен қуып, Конституцияға өзгерістер енгізе отырып, президент сайлауын өткізуді мамырдың 25-іне белгілеген. Украинаның шығыс және оңтүстігіндегі кейбір облыстар мен Қырым Республикасы Рада шығарған шешімдерді мойындамайтындықтарын, алдағы уақытта аймақтардың болашағын айқындау мақсатында референдум өткізілуі мүмкін екенін мәлімдеген. Наурыздың 16-сы күні Қырым мен Севастопольдың мәртебесі туралы референдум өткені белгілі. Онда сайлау учаскелеріндегі 100 пайыз бюллетендерді санау барысында сайлаушылардың 96,77 пайызы Қырымның РФ құрамына кіруге қарсы емес екендіктерін білдіріп, дауыс берген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети