Ресей мамандары 10 күн ішінде "омикрон" штамына қарсы вакцина жасауға уәде берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей мамандары 10 күн ішінде "омикрон" штамына қарсы вакцина жасауға уәде берді фото: РИА Новости

Гамалея атындағы орталық директоры, Ресей ғылым академиясының академигі Александр Гинцбург "омикрон" штамына қарсы модификацияланған вакцинаны әзірлеуге он күннен аспайтын уақыт кететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гамалея атындағы орталық директоры, Ресей ғылым академиясының академигі Александр Гинцбург "омикрон" штамына қарсы модификацияланған вакцинаны әзірлеуге он күннен аспайтын уақыт кететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Гинцбургтің айтуынша, тіркеу құжаттарын толтыру үшін шамамен бір жарым ай немесе 50 күн қажет.

"Менің ойымша, жаңа вакцина препаратын алу бойынша тәжірибелік жұмыс 10 күннен аспайды, қалғаны нормативтік құқықтық актілер, яғни лицензиялау процедуралары және вакцина қауіпсіз және иммуногенді екендігін дәлелдеуге байланысты", - деді академик.

Бұған дейін америкалық фармацевтикалық компаниялар Pfizer және Moderna жаңа штамның таралуы жағдайында препарат құрамын өзгерте алатынын айтқан болатын.

Айта кетейік, коронавирустың жақында пайда болған нұсқасы "омикрон" ең жұқпалы саналады. Кейбіреулер штамм қазіргі COVID-19-ға қарсы вакцина түзетін қорғанысты айналып өтуі мүмкін деп қорқады.

Санитария дәрігерлері Алматыда жаңа "омикрон" штамының табылу ықтималдығы туралы айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети