Ресей мен Украина арасындағы келіссөз қашан басталатыны белгілі болды

Ресей мен Украина арасындағы келіссөз қашан басталатыны белгілі болды Фото: РИА Новости

Ресей мен Украина делегациясының Беларусьтегі кездесуі дүйсенбіде, 28 ақпанда таңертең басталуы мүмкін, себебі Киев өкілдері республикаға Польша жақтан келуді шешкен. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне саясаткер Юрий Воскресенский айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей мен Украина делегациясының Беларусьтегі кездесуі дүйсенбіде, 28 ақпанда таңертең басталуы мүмкін, себебі Киев өкілдері республикаға Польша жақтан келуді шешкен. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне саясаткер Юрий Воскресенский айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Келіссөздер таңертең өтеді, себебі украиналық делегация түзу жолмен емес, Гомель және Польша арқылы "Варшава көпірі" бекетін өтіп келеді. Олар айналып келе жатыр", - деді саясаткер. 

Воскресенскийдің айтуынша, украиналық делегация құрамында 4-5 адам бар: СІМ басшысының орынбасары, әскери және саяси өкілдер, сондай-ақ "Слуга народа" фракциясының басшысы Давид Арахимия бар. 

Еске салайық, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресей өкілдерімен Балерусьте кездеспейтінін, оның орнына кездесуді Варшавада, Братиславада, Будапештте, Ыстамбұлда немесе Бакуде өткізуді ұсынған болатын. Артынша Зеленский келіссөзді Беларусьте өткізуге келісті. 

Кеше, 27 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский келіссөздер туралы пікір білдірген болатын. Зеленскийдің екіжақты келіссөз нәтижелі болатынына сенбейтінін, бірақ әрекет етіп көру керегін айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети