13 наурыз 2022 | 10:00

Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздері видео форматында жалғасып жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Twitter / @Podolyak_M Фото: Twitter / @Podolyak_M

Украина мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздер видео форматында үздіксіз жалғасып жатыр. Бұл туралы Twitter-де Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Украина мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздер видео форматында үздіксіз жалғасып жатыр. Бұл туралы Twitter-де Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресей делегациясымен арадағы келіссөздер видео форматында үздіксіз жалғасып жатыр. Арнайы жұмыс топтары құрылды", - деп жазды ол.

Ресей президенті Владимир Путин 12 наурызда телефон арқылы сөйлесу барысында Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германия канцлері Олаф Шольцке "кейінгі күндері" "Ресей мен Украина өкілдерінің бірқатар келіссөзі өткенін" айтты.

"Укринформ" басылымының мәліметінше, Украина президенті Владимир Зеленский 12 наурызда өткен баспасөз мәслихатында келіссөздер барысы туралы былай деп түсіндірген: "украиналықтар мен Ресей өкілдері басқа да мәселелерді талқылап жатыр, ультиматум қоймастан, бірнәрсе туралы айта бастады".

Еске салайық, келіссөздердің алғашқы үш раунды Беларусьте өтті: 28 ақпанда - Гомель облысында, 3 және 7 наурызда - Брест облысының Беловеж тоғайында. Бұған дейін екінші раунд барысында тараптар азаматтарды эвакуациялау, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін гуманитарлық дәліздерді бірлесіп қамтамасыз ету бойынша келісімге қол жеткізген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети