06 маусым 2016 | 16:40

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Ақтөбедегі жағдайға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AP Photo/ Peter Leonard © AP Photo/ Peter Leonard

Қазақстандық күш құрылымдары Ақтөбедегі жағдайды бақылауға алды, РФ шекарасында қауіпсіздікті күшейтуге себеп жоқ, - деп мәлімдеді дүйенбі күні РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық күш құрылымдары Ақтөбедегі жағдайды бақылауға алды, РФ шекарасында қауіпсіздікті күшейтуге себеп жоқ, - деп мәлімдеді дүйенбі күні РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Қайталап айтамын, қазақстандық күш құрлымдары жағдайды тиімді бақылау жүргізіп отыр, мұнда қандай да бір күш жұмылдыруға себеп жоқ. Ал осындай сезімтал салалардағы әрекеттестікке келер болсақ, мұндай шара тараптардың бірінің өтініші бойынша жүзеге асырылады, бұл жағдайда қазақ серіктестерімізден осы эпизод бойынша қажеттілік болды ма, жоқ па - мұны мен білмеймін", - деді Песков.

Еске салайық, кеше Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар, тағы бір қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалғаны белгілі болды. Осыдан кейін қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі белгіленді. Айта кетейік, қауіптің шекті, яғни қызық деңгейі жасалған терроризм актісі туралы ақпарат, сондай-ақ терроризм актісін (актілерін) қайталап жасау немесе террористік тұрғыдан осал объектілерге бір мезгілде террористік шабуылдар жасау мүмкіндігі туралы расталған ақпарат болған кезде белгіленуі мүмкін.

Жалпы қаза тапқандардың саны - 17. ҚР ІІМ мәліметінше, олардың ішінде 11-і лаңкес, екеуі әскери, біреуі "Паллада" дүкенінің сатушысы, біреуі "Жедел күзет" қызметкері және тағы біреуі дүкеннің келушісі. Осыдан кейін Ақтөбе маңында тағы да атыстың болып, жараланғандардың ауруханаға жеткізіліп жатқаны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети