Ресей "Сармат" зымыранын сынақтан өткізді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей "Сармат" зымыранын сынақтан өткізді Фото: ria.ru/видео кадры

Ресей қорғаныс министрлігі Архангельск облысындағы Плесецк ғарыш айлағында "Сармат" құрлықаралық баллистикалық зымыраны (ҚБЗ) сәтті ұшырылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей қорғаныс министрлігі Архангельск облысындағы Плесецк ғарыш айлағында "Сармат" құрлықаралық баллистикалық зымыраны (ҚБЗ) сәтті ұшырылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ведомство бұл мемлекеттік сынақ бағдарламасындағы алғашқы ұшырылым екенін нақтылады.

"Ұшыру тапсырмалары толық көлемде орындалды. Барлық кезеңде жобалық сипаттамалар расталды. Оқу-жаттығу оқтұмсықтары Камчатка түбегіндегі Кура полигонындағы белгіленген аумаққа келді", - деді Ресейдің әскери ведомство өкілдері.

Сынақтар, пресс-релизге сәйкес, оны жасау кезінде белгіленген "схемалық-құрастыру және техникалық шешімдердің дұрыстығын бағалауға мүмкіндік береді".

"Сармат" сынақтан өткеннен кейін стратегиялық Зымыран күштері құрамына пайдалануға беріледі деп күтіледі. Красноярск маңындағы Ужур зымыран құрамасының бас полкі кешендермен жабдықталады.

"Сармат" - стратегиялық зымыран жүйесі. Ресей қорғаныс ведомствосы өкілдерінің айтуынша, бір зымыранның салмағы 200 тоннадан асады. Кешен Ресей Федерациясының стратегиялық зымыран күштеріндегі "Воевода" зымырандарын алмастырады.

"Бұл шын мәнінде, бірегей қару Қарулы Күштеріміздің жауынгерлік әлеуетін нығайтады. Ресейдің қауіпсіздігін сыртқы қауіптерден сенімді түрде қамтамасыз етеді", - деді Ресей президенті Владимир Путин сынақты тамашалау кезінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети