Ресей ТЖМ басшысы Евгений Зиничев адам құтқарамын деп қаза болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей ТЖМ басшысы Евгений Зиничев адам құтқарамын деп қаза болды Евгений Зиничев. Фото:mchs.gov.ru

Ресейдің ТЖМ басшысы Евгений Зиничев қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің ТЖМ басшысы Евгений Зиничев қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Евгений Зиничев Арктикалық аймақты төтенше жағдайлардан қорғау үшін өткізіліп жатқан ведомствоаралық оқу-жаттығуларға қатысу кезінде адам құтқарамын деп қаза тапты", - делінген Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.

"Россия сегодня" және RT бас редакторы Маргарита Симонян Ресей ТЖМ басшысының өліміне қатысты оқиғаның егжей-тегжейін айтты.

"Олар оператормен бірге жолдың шетінде тұрған. Бір сәтте оператор тайып, суға құлап кетті. Куәгерлер көп болатын, ешкім ойланып үлгерген жоқ. Зиничев құлаған адамның артынан суға түскенде, судан шығып тұрған тасқа соғылды. Құтқарушы деген атқа лайық қаза тапты. Жатқан жері жайлы болсын", - деп жазды ол Telegram-арнасында.

Евгений Зиничев 1966 жылы 18 тамызда Ленинградта дүниеге келген. 1987-2015 жылдары КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік органдарында, содан кейін Ресейде жұмыс істеген. Калининград облысы бойынша ФСБ басқармасының бастығы болып тағайындалғанға дейін ФСБ терроризммен күрес қызметі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2018 жылғы 18 мамырда Ресей Президентінің жарлығы бойынша, Евгений Зиничев Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және табиғи апаттардың салдарын жою министрі болып тағайындалған. 2020 жылдың 21 желтоқсанында оған армия генералы атағы берілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети