Ресей Украинаның 20 пайыз аймағын басып алды - Зеленский

Ресей Украинаның 20 пайыз аймағын басып алды - Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-арнасында саясаткерлер мен Люксембург халқына үндеу жасады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-арнасында саясаткерлер мен Люксембург халқына үндеу жасады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Зеленскийдің сөзінше, Ресей Украинаның 20 пайыз аймағын басып алған. Майдан сызығының ұзындығы 1000 шақырымнан асады. Сонымен қатар, Украина басшысы ресейлік әскер елдің 3 620 елді мекеніне кіріп алғанын мәлімдеді.

Басылым мәліметінше, Владимир Зеленский Люксембург билігіне Украинаға қару бергені үшін алғыс айтты. Оның сөзінше, өзге елдермен салыстырғанда Люксембургте үлкен әскери қойма және ірі қорғаныс өндірісі жоқ. 

"Бірақ сіздер ұлт деңгейінде ынтымақ көрсете біліп, ешқандай бюрократиясыз, уақытында қорғаныс көмегін ұсындыңыздар", - деді Зеленский. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Брижит Бардо өмірден өтті
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 502.57  course down  592.2  course up  6.49  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети