Ресей зымыраны Зеленскийдің туған қаласына шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей зымыраны Зеленскийдің туған қаласына шабуыл жасады Фото: t.me/GeneralStaffZSU

Украина билігінің хабарлауынша, жұма күні Ресей әскерінің ел президенті Владимир Зеленскийдің туған қаласы – Кривой Рогқа жасаған зымыран соққысы салдарынан кемінде 18 адам қаза тауып, оның ішінде тоғыз бала болған. Сондай-ақ шабуылдан 50-ден астам адам жарақат алды, деп жазады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі UNIAN агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина билігінің хабарлауынша, жұма күні Ресей әскерінің ел президенті Владимир Зеленскийдің туған қаласы – Кривой Рогқа жасаған зымыран соққысы салдарынан кемінде 18 адам қаза тауып, оның ішінде тоғыз бала болған. Сондай-ақ шабуылдан 50-ден астам адам жарақат алды, деп жазады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі UNIAN агенттігіне сілтеме жасап.

Владимир Зеленский кешкі үндеуінде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтты.

"Көптеген адам жараланды, үйлер бүлінді. Зымыран тұрғын үйлер орналасқан ауданға – балалар алаңына, қарапайым көшелерге түсті", – деді Зеленский.

Сондай-ақ ол жұма күні Ресейдің Херсон қаласындағы электр станциясына дрон арқылы шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Ресей Қорғаныс министрлігі Telegram-дағы ресми хабарламасында бұл соққыны украиналық және батыстық офицерлердің кездесуіне бағытталған деп атап, оны "жоғары дәлдіктегі осколкалы-фугасты зымыранмен жасалған соққы" деп сипаттады. Олар шабуыл Қривой Рогтағы мейрамханалардың бірінде өткен жиналысқа бағытталғанын мәлімдеді.

"Нәтижесінде қарсылас тараптан 85-ке жуық әскери қызметкер мен шетелдік офицерлер, сондай-ақ 20-ға дейін техника жойылды", – делінген Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Алайда Украина Қарулы күштерінің Бас штабы Кривой Рогтағы "әскери жиналыс болған орынға" дәл соққы жасалды деген Ресейдің мәлімдемесін жалған ақпарат деп атады. Бұған дейін НАТО-ның барлау деректері бойынша, Ресей зымыран өндірісін айтарлықтай көлемде жалғастырып жатқаны, сол себепті жаңа шабуылдарға дайындық ретінде зымырандарды жинап жатқаны хабарланған еді – тіпті соңғы уақытта шабуылдар сирегенімен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети