Ресейде 23 қаңтардағы митингіден кейін қылмыстық істер қозғалып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде 23 қаңтардағы митингіден кейін қылмыстық істер қозғалып жатыр Навальныйдың Санкт-Петербургтегі қолдаушылары © Reuters

Оппозиционер Алексей Навальный қолдауға арналған 23 қаңтардағы митинг кезінде Ресейдің екі қаласында жол жабылғаны үшін қылмыстық істер қозғалды. ІІМ мәліметінше, митинг кезінде жол жабылғандықтан "жол қозғалысы тоқтап, көлік байланысы тоқтатылып, басқа да салдары болған", - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оппозиционер Алексей Навальный қолдауға арналған 23 қаңтардағы митинг кезінде Ресейдің екі қаласында жол жабылғаны үшін қылмыстық істер қозғалды. ІІМ мәліметінше, митинг кезінде жол жабылғандықтан "жол қозғалысы тоқтап, көлік байланысы тоқтатылып, басқа да салдары болған", - деп хабарлайды РИА Новости

Ішкі істер министрлігінің бас басқармасының мәліметінше, Мәскеудегі жолдардың жабылуына байланысты көлік жолдарының жарамсыздығы туралы қылмыстық іс қозғалды.

"Мәскеу аумағында байланыс жолдарын жарамсыз етпек болған бірқатар адам жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарына арналған жолдар мен тротуарлардың жабылуына себеп болды, бұл жол қозғалысын тоқтатуға және көлік инфрақұрылымы объектілері мен Мәскеу көше-жол желісінің көлік коммуникацияларын бұғаттауға әкеліп соқты", - делінген хабарламада. 

Бұл дерек бойынша, РФ Қылмыстық кодексінің 267-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, полиция Владивостоктағы жолдардың жабылуына байланысты қылмыстық іс қозғаған. ІІМ басқармасының өкілдері жедел жәрдем көлігі төрт шұғыл шақыруға бара алмағанын, оның ішінде, төрт айлық балаға көмектесе алмағанын айтты. 

Бұл баптың санкциясы бойынша, 100 мыңнан 300 мың рубльге дейін айыппұл не 240 сағаттық міндетті жұмыс, не бір жылға дейін мәжбүрлеп жұмыс істеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Еске салайық, 23 қаңтарда Ресейдің бірнеше қаласында оппозиционер Алексей Навальныйды қолдау митингі өтті. Навальныйды қолдаған митинг қатысушысына алғашқы үкім Санкт-Петербургте шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети