Ресейде Facebook бұғатталуы мүмкін

26 Қыркүйек 2017, 16:12
0
Ресейде Facebook бұғатталуы мүмкін - © unsplash.com
© unsplash.com

Facebook компаниясы Ресей аумағында ресейліктерге қатысты жеке мәліметтерді сақтау туралы заңның талаптарын орындамайтын болса, Facebook бұғатталады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Заң барлығына бірдей, сондықтан біз міндетті түрде заңды орындатамыз немесе бұл компания, өкінішке қарай, LinkedIn сияқты Ресей Федерациясы аумағында жұмысын тоқтатады", - деді Ресей коммуникациясын тексеру қызметінің басшысы Александр Жаров.

Сондай-ақ, Александр Жаров Facebook желісін Ресей аумағындағы қолданушылардың біраз бөлігі қолданатынын айтып өтті. Бірақ, айтуынша, Facebook жалғыз сервис түрі емес, басқа да әлеуметтік желілерді қолдануға болады.

"Сондықтан да біз Facebook компаниясына 242-ші заңды орындатқызамыз", - деді Александр Жаров.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай