Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың әйелі оның үйге кіреберіс жерде ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың әйелі оның үйге кіреберіс жерде ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Сәлем. Бұл Юля Навальная. Барлықтарыңызды мейрамдарыңызбен. Алексейді үйге кіреберіс жерде ұстады", - деп жазған Навальныйдың әйелі Twitter желісіндегі парақшада.
Бірақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері басылымға бұл мәліметті ресми түрде растамады.
"Ведомости" мәліметінше, бүгін Ресейде жемқорлыққа қарсы акция өтіп жатыр. Алексей Навальныйдың баспасөз хатшысы Кира Ярмыштың айтуынша, акцияға 145 қаланың тұрғындары қатысып жатыр. Басылымның мәліметінше, Благовещенск және Қазан қаласында кем дегенде төрт адам, ал Владивосток қаласында шамамен 11 адам ұсталған.