Ресейде аюдан қашқан ер адамның видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео: instagram.com/chp_nv86

Ресейдің Нижневартовск қаласында желі қолданушылары көшеде ер адамның соңынан жүгіріп жүрген аюды видеоға түсіріп алды. Жануар өнеркәсіп аймағында жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Нижневартовск қаласында желі қолданушылары көшеде ер адамның соңынан жүгіріп жүрген аюды видеоға түсіріп алды. Жануар өнеркәсіп аймағында жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға видеосы Instagram-да пайда болды. Видео кадрларынан аюдың қалың қарға қарамастан жылдам қозғалып, ер адамға ұмтылғаны көрінеді. Кейін жабайы жануар оны қуады. Ары қарай камераны автобуыс жауып қалады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нижневартовск (@chp_nv86)

Mash басылымы мәліметіне сүйенсек, жергілікті тұрғындар аюдың "Европа" қонақүйнен қашып кеткенін айтқан. Онда екі аюды қамап ұстаған.

Кейінірек желіде қоршалған аумақтың видеосы пайда болды. Онда ұйықтататын оқ атылып, тыныштандырылған аю жатқаны көрінеді. Ары қарай не болатынын қала билігі шешеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Нижневартовск (@chp_nv86)

"Зардап шеккендер жоқ. Аюдың жасы кіші екені байқалып тұр. Белгісіз ортадан қорыққандықтан кәсіпорын аумағына жүгірген. Полиция қызметкерлері мен арнайы өкілдер оны қоршап, ұстады. Жануардың иесі де келді", - деп хабалады РИА Новости Ресей қалалық мэриясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети