Фотосурет topwar.ru сайтынан алынды
Украина Қорғаныс министрінің бұйрығымен Ресейдің білім ордаларында білім алып жатқан украиндық әскерилер елге шақырылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Мәлім болғанындай бұл бұйрықты Украина қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Игорь Тенюх шығарған. "Қорғаныс ведомство жетекшісінің міндетін атқарушы атап өткеніндей, ол Ресей Федерациясындағы жоғарғы әскери білім беру орындарында білім алып жатқан украиндық әскерилерді елге қайтару мақсатында бұйрық шығарған", - делінген Украина Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметте. Украинаның премьер-министрі Арсений Яценюк бұған дейін Ресейден келген әскерилер Қырымдағы украиндық бөлімшені қоршап алғанын мәлім еткен болатын. Ол сондай-ақ, Киев бұл жағдайға байланысты саяси шешім шығарылуын талап ететінін де айтты. Оның сөзінше, РФ әскерилері қақтығыстарды әдейі болдыруға әрекеттенуде. Осыған орай, БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынына қатысқан ресейлік өкіл Виталий Чуркин ресей әскері Украина жеріне Виктор Януковичтің өтініші бойынша келгенін жеткізді. Чуркин өз баяндамасында сондай-ақ, Янукович Украинада орын алған заңсыздықтарды жою үшін РФ Президенті Владимир Путинге ресейлік әскери құрылымдарын Украина халқын қорғау және ондағы тұрақтылық қалыптастыруға пайдалану мақсатында өтінішпен шыққанын мәлім етті.
Украина Қорғаныс министрінің бұйрығымен Ресейдің білім ордаларында білім алып жатқан украиндық әскерилер елге шақырылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Мәлім болғанындай бұл бұйрықты Украина қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Игорь Тенюх шығарған.
"Қорғаныс ведомство жетекшісінің міндетін атқарушы атап өткеніндей, ол Ресей Федерациясындағы жоғарғы әскери білім беру орындарында білім алып жатқан украиндық әскерилерді елге қайтару мақсатында бұйрық шығарған", - делінген Украина Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметте.
Украинаның премьер-министрі Арсений Яценюк бұған дейін Ресейден келген әскерилер Қырымдағы украиндық бөлімшені қоршап алғанын мәлім еткен болатын. Ол сондай-ақ, Киев бұл жағдайға байланысты саяси шешім шығарылуын талап ететінін де айтты. Оның сөзінше, РФ әскерилері қақтығыстарды әдейі болдыруға әрекеттенуде. Осыған орай, БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің шұғыл жиынына қатысқан ресейлік өкіл Виталий Чуркин ресей әскері Украина жеріне Виктор Януковичтің өтініші бойынша келгенін жеткізді. Чуркин өз баяндамасында сондай-ақ, Янукович Украинада орын алған заңсыздықтарды жою үшін РФ Президенті Владимир Путинге ресейлік әскери құрылымдарын Украина халқын қорғау және ондағы тұрақтылық қалыптастыруға пайдалану мақсатында өтінішпен шыққанын мәлім етті.