Ресейде COVID-19-дан емделгеннен кейін 6 ай ішінде өлім қаупі жоғарылайтыны айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде COVID-19-дан емделгеннен кейін 6 ай ішінде өлім қаупі жоғарылайтыны айтылды

Өлім қаупі коронавирус жұқтырып, аурғаннан кейін алты ай ішінде күрт артуы мүмкін. Бұл туралы Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Мысалы, адам коронавирусты өткерді дейік, әсіресе қарт адам. Коронавирус жұқтырып, ауырғаннан кейінгі келесі алты айда өлім қаупі күрт артады", - деді Мурашко "Россия 24" арнасына берген сұхбатында.

Ол коронавирустан емдеген науқастарды медициналық тексеруден өткізу үшін қазірдің өзінде тізімдер жасалғанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін COVIDSurg Collaborative халықаралық ынтымақтастығына енген қазақстандық ғалымдар Гиннестің рекордтар кітабына енгізілгені туралы хабарланған болатын. Зерттеуге 116 елдің өкілдері қатысқан. Олар пандемия кезінде операцияға мұқтаж науқастарға қажетті мәліметтерді жинаған. Олар коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға кемінде жеті апта бойы операция жасамау дұрыс деген қорытындыға келген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети