Ресейде COVID-19-ға қарсы үшінші вакцина өндірісі басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде COVID-19-ға қарсы үшінші вакцина өндірісі басталды Фото: minobrnauki.gov.ru

Коронавирусқа қарсы үшінші ресейлік вакцина азаматтық айналымға шығады. Чумаков атындағы орталықта ресми түрде "КовиВак" вакцинасы шығарыла бастады. Бұл туралы Ресейдің ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, алдағы күндері вакцина азаматтық айналымға шығады және аймақтарға жеткізіледі. 

Вакцина өндірісі білім және ғылым министрі Валерий Фальковтың тапсырмасымен басталды. Ол 0001 таңбасы бар бірінші қаптаманы шығарды. 

"КовиВак" вакцинасының негізіне жұқпалы қасиеттерден айырылған, бірақ иммундық реакцияны тудыру қабілетін сақтаған SARS-CoV-2 вирусы қолданылады. Мұндай вакциналарда вирус бөлшектерінің барлық ақуыз жиынтығы бар. 

Еске салайық, ресейлік "КовиВак" вакцинасы биыл ақпанда тіркелген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети