Ресейде жаңа төлем бірлігін құру ұсынылды - БАҚ

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейде жаңа төлем бірлігін құру ұсынылды - БАҚ Көрнекі сурет: pixabay

Ресей Ғылым академиясының Экономикалық болжау институты мен Макроэкономикалық талдау және қысқа мерзімді болжау орталығының (CMASF) экономистері Ресейге дос мемлекеттермен есеп айырысу үшін жаңа төлем бірлігін құру қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей Ғылым академиясының Экономикалық болжау институты мен Макроэкономикалық талдау және қысқа мерзімді болжау орталығының (CMASF) экономистері Ресейге дос мемлекеттермен есеп айырысу үшін жаңа төлем бірлігін құру қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

Бұл бастаманы макроэкономикалық талдау және қысқа мерзімді болжамдау орталығы (МСҚБО) мен РҒА халық шаруашылығы болжау институтының сарапшылары ұсынды.

"Ресейді әлемдік нарықтан шеттетіп тастаған және сыртқы сауда айналымы үшін рубль айырбастауды, сондай-ақ, Еуропаға газ экспорттағаны үшін рубльмен ақы алуды қиындатқан Батыс санкциялары дос мемлекеттермен есеп айырысу үшін қажет болатын жаңа төлем бірлігін құру туралы мәселені көтерді", - делінген ұсыныста.

Бастама авторларының айтуынша, мұндай бірлік бағамы әлемдік нарықтағы ресурстардың орташа бағасына байланысты болады. Ал сыртқы сауда операцияларын жүргізу кезінде ұлттық валюталарды төлем бірлігіне айырбастауды жүйенің клиринг орталығы жүргізеді.

"Болашақта осы бірліктің қайталама нарығын құру жоспарланып отыр. Ал бұл басқа елдерге оны қосымша валюта ретінде пайдалануға мүмкіндік береді", - дейді экономистер.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа есеп айырысу жүйесіне ЕАЭО елдері, Қытай, Үндістан, Иран, Түркия қызығушылық танытуы мүмкін. Осылайша, олар геосаяси қару ретінде пайдаланылуы мүмкін басқа валюталарға тәуелділіктен арылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети