27 маусым 2022 | 18:11

Ресейде қазақстандық әйелді зорлады деген бұрынғы полицейлер сотталды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

көрнекі сурет көрнекі сурет

Екатеринбургтің Ленин аудандық соты қазақстандық әйелді қызметтік көлікте зорлады деген полицияның бұрынғы үш қызметкерін бес жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырды. Бұл туралы "Аксиома" құқық қорғау жобасының Telеgram-арнасы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Екатеринбургтің Ленин аудандық соты қазақстандық әйелді қызметтік көлікте зорлады деген полицияның бұрынғы үш қызметкерін бес жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырды. Бұл туралы "Аксиома" құқық қорғау жобасының Telеgram-арнасы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айыпталушы Вадим Мустафин алты жылға, Вячеслав Тропин бес жарым жылға, Андрей Бессарабов бес жылға сотталды. Олар сот залында қамауға алынған.

2019 жылдың тамызында полиция қызметкерлері Вячеслав Тропин, Андрей Бессарабов және Вадим Мустафин Екатеринбургте саунадан шыққан 22 жастағы қазақстандық әйелді ұстаған. Олар қызметтік УАЗ көлігінде әйелді зорлап, кейін оны бөлімшеге апаратынын, онда бәрі "зорлайтынын" айтып қорқытқан.

Сыртқы істер министрлігі Ресейде полицейлер қазақстандық әйелді зорлағаны туралы ақпаратқа жауап берді

Тәртіп сақшылары тұтқындалған, ал 2020 жылғы шілдеде олар қыз зорлағаны үшін кінәлі деп танылған. Айыпталғандар қызметінен босатылған, ал бастықтары отставкаға кеткен. Бірақ 2021 жылғы қарашада Екатеринбургтің Ленин аудандық соты полицейлердің әрекетінен қылмыс белгілерін таппай, оларды ақтаған.

Алайда 2022 жылғы ақпанда Свердлов облыстық соты экс-полицейлерді ақтау үкімінің күшін жойған. Бұл іс бірінші сатыдағы сот қарауына жіберілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети