22 желтоқсан 2019 15:52

Ресейде қазақстандықтар отырған автобус апатқа ұшырады

Көрнекі сурет © pixabay.com Көрнекі сурет © pixabay.com

Краснодардан Қазақстанға бағыт алған автобус КамАЗбен соқтығысып, апатқа ұшырады, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 


Краснодардан Қазақстанға бағыт алған автобус КамАЗбен соқтығысып, апатқа ұшырады, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Волгоград облысы бойынша Ресейдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қоғамдық көлікте барлығы 56 адам болған. Оның төртеуі қазақстандық, екеуі Тәжікстан азаматы, қалғаны өзбекстандықтар. Автобусты Қазақстан азаматы айдағаны белгілі. Апат салдарынан автобус жүргізушісі және екі қазақстандық әртүрлі жарақат алған. Олар Волгоградтың ауруханаларының біріне жеткізілді. 

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, алған жарақаттар қазақстандықтардың өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ. Қазақстанның Астрахандағы елшілігі аурухана әкімшілігімен және полиция өкілдерімен байланыста екенін жеткізген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети